Балалар мен әйелдердің «Зорлықсыз үй» атты әлеуметтік көшпелі бюросы

Балалар мен әйелдердің «Зорлықсыз үй» атты әлеуметтік көшпелі бюросы 10 наурызда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін «Керуен» сауда-ойынсауық орталығында болды (ұйымдастырушылар елорда Әкімдігі). Сол күні тұрғындарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, заңды көмек көрсетілді. Кеңесті «Есіл» ауданы әкімдігі Әділет департаментінің, Астана қаласы МПС ДД Наркология және психотерапия орталығының мамандары мен ІІД ОЮП және басқа құрылымдардың қызметкерлері жүргізді. Шара барысында № 11 ҚЕ әлеуметтік қызметкері Р.З.Аманжолова біздің құқықтық қорғауға зәру науқастарымыздың мәселелері бойынша, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына (жалғызілікті аналар, нашақорлар, ішімдіктен зардап шегушілер, көп балалы аналарға) қатысты мәселелер бойынша кеңес алды. 

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Емхананың бас дәрігері Сагандықов ЖаңалықКарипуллаұлыұжымның әйелдер қауымын атаулы мереке - 8 наурызбен шын жүректен құттықтап, өз еңбегімен ерекшеленгендерге мадақтамалар мен алғыс хаттар тапсырды.

«Қымбатты әйелдер — әлемдегі ең сүйікті, жақын, жанашыр әрі нәзік жаратылыс иелері! Сіздерді көктемнің керемет мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, жандарыңызға әсемдік, жүректеріңізге жылулық тілеймін! Дені сау, әдемі де сүйкімді, қайырымды жақындарыңыз бен туыстарыңыз әрдайым Сіздермен бірге болып, нұр жүздеріңіздің әрі таймасын! Қуаныштарыңыз еселеніп, бақыт пен шаттыққа бөлене беріңіздер, біздің сүйікті де қымбатты әйел-аналар!» - деді бас дәрігер Ж.Сагандықов.

«Егде жастағылар клубы»

Зейнеткерлермен және олардың отбасы мүшелерімен сабақ өткізді. Соның негізінде тыныс алу элементтері мен релаксациялық гимнастика бойынша тренингтік жұмыстар жүргізілді. «Артериалдық гипертензия», «Қант диабеті» ауруларының алдын алу жөнінде әңгіме жүргізіліп, тағайындаулар бойынша кардиотренажерлерде жаттығулар жасалды. Соңынан брошюралар мен әдістемелік кітапшалар таратылды.  

Сенбілік өткізу туралы есеп

2017 жылғы 4 наурызда №11 емхананың қызметкерлері мекеме аумағында сенбілік өткізді.

Атқарылған жұмыстар көлемі:

Аумақтағы қарды жинау және шығару.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өтті

15.02.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК базасындамына мекенжай бойынша: Абылай хан даңғылы 30, Департамент маманы Әлия Шаихованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. 

Шара барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің себептері мен зардаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жаңа, яғни сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюды барынша біріктіруге  екпін қойылатын кезеңі көрсетілді.  Өткізілген шараға «пара алма және берме» деген қағида басты түрткі болып табылды.

Семинардың соңында бейнероликтер көрсетілді және осындай шараларды көптеп өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. 

Тағы мақалалар...

  1. Спартакиада-2017 өтті