Даун синдромымен ауыратын балалар арналған іс-шара өтті

«Солнечный мир» қоғамдық қорының жұмысына емхананың дәрігер-психотерапевті Абдуллина Г.С. белсене қатысты. Онда Даун синдромымен ауыратын балалар, сондай-ақ олардың ата-аналары мамандардан түзету және психоллогиялық көмек алды.  Шара барысында Cirgue du Soleil әртіістері шеберлік сыныбын өткізді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы цирк бишілерінің бірі, Лос-Анжелес тұрғыны Кассиди Брайт болды. Брайттың жұмысында түрлі аурулармен  ауыратыны балалармен тәжірибесі бар. Ол хип-хоп, поп және басқа да заманауи билерді билеп берді. Балалармен ойнап, естелікке олармен суретке түсті. Би, музыка секілді оқулар өткізу баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер ететініні белгілі. Би билеп, музыка тыңдаған бала тыныштанып, жақсы әсер алады. 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жүректен жүрекке" атты мерекелік іс-шара өтті

2017 жылғы 21 шілдеде ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған акция ұйымдастырылып, оған мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар қатысты.  

Акцияның мақсаты:

балаларда мүмкіндігі шектеулі адамдармен толерантты қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру және өскелең ұрпақ назарын мүгедек балалардың мәселеріне аудару.

Емхана мен тұрғындар арасында және басқа әлеуметтік мекемелер арасында сенімді қарым-қатынасты, ортақ жауапкершілікті дамытуға ықпал ету.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің МӘМС бойынша өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысының есебі «Встреча» СҮ жанында 29.06.2017ж.

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК 29 маусымда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мына мекенжайдағы: Абылайхан даңғылы, 31 «Встреча» сауда үйінің жанында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта!» ұранымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жоспарында тұрғындар арасында акция ұйымдастырды.

Құрамында 5 қызметкері бар түсіндіру бойынша спикерлер, сондай-ақ қосымша бас дәрігердің орынбасарлары МӘМС жөнінде түсіндіру мәселелері бойынша тұрғындарға консультативтік кеңестер берді. Акция барысында МӘМС туралы ақпараттық материалдар таратылды. Консультативтік кеңес алумен қамтылған тұрғындар саны 180 адамды құрады. 400 дана ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен бірге «Құлагер» жабық базары орналасқан аумақта ақпараттық-түсіндіру өткізу мақсатында кәсіпкерлермен және «Встреча» СҮ-нің 2-қабатында сауда үйіне келушілермен  насихат жұмыстары жүргізілді. 

«Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС автосалонында, «Гарант Auto City» сауда үйінде МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жоспары бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК 23 маусымда мына мекенжайдағы: Астана қ., Бөгенбай батыр даңғ. 73/1, «Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС автосалонында, «Гарант Auto City» сауда үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жоспары бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бас дәрігер Ж.К.Сагандыков жиналғандарды слайдшоу түріндегі МӘМС туралы толық мағлұмат беруге бағытталған материалмен таныстырды. «Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС ұжымынан аталмыш шараға 17 қызметкер қатысты. Кездесуге автосалонда орналасқан несие беруші банктердің өкілдері мен келушілер де қосымша қатысты. Бас дәрігердің лекциясынан соң кездесу «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты. Қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен түсіндіру парақшалары таратылды. Құрамында әлеуметтік қызметкер, психолог, СӨС дәрігері, бас дәрігердің орынбасарлары болған түсіндіру жөніндегі спикерлер МӘМС туралы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға консультативтік кеңестер берді. Аса маңызды мәселе талқыланған кездесу соңында автосалон басшылығы емхана ұжымына алғысын білдірді.

№3 ЖТД базасында Железнодорожный к. 40-шы ст. ата-аналармен бірлесе отырып, арттерапия ұйымдастырылды

2017 жылғы 23 мамусымда №3 ЖТД базасында Железнодорожный к. 40-шы ст. ата-аналармен бірлесе отырып, арттерапия ұйымдастырылды. Адамға шығармашылық сабақтармен әрекет ету арттерапия негізіне жатады, бұл – өнер арқылы емдеу. Ол психиканы түзету және жалпы сауықтыру үшін жасалады.

Міндеттер:

1. психологиялық мәселелерді анықтау

2. тұншыққан эмоцияны сыртқа шығарудың табиғи және зардапсыз тәсілі

3. психотерапиялық емдеу кешенін арттыру

4. әлеуметтегі байланысты жеңілдету және орнату

5. өзін-өзі бағалауды және өзіне сенімділікті арттыру