«Мұғалімдер күні» және «Конституция күні» мерекесіне орай сертификаттар және гүлдер тапсырды

«Мұғалімдер күні» және «Конституция күні» мерекесіне орай, №11 ҚЕ әкімшілігі және кәсіподақ комитеті емхананың көпбалалы қызметкерлеріне сертификаттар және гүлдер тапсырды. Бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Орманов Мұрат Джаппарұлы, психотерапевт Абдуллина Гүлдарай Советқызы және кәсіподақ белсенділері құттықтау сөз сөйледі. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі отырыс (АӨӘСШО) өтті

2017 жылғы 27 тамызда елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының ЫҰХалықаралық марафоны және Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі отырыс (АӨӘСШО) өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және ҚР Мәдениет және спорт (МСМ) бірлесіп, Астана халықаралық жеңіл атлетика марафонын өткізу жөніндегі келісімге 2017 жылғы 4 сәуірде қол жеткізілді. Сондай-ақ осы марафонды «Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі отырыс» (АӨӘСШО) форумымен біріктіру туралы шешім қабылданды.

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында 2017 жылғы 24 тамызда Азаматтық қорғанысқа қатысты нысанды жаттығу және төтенше жағдайларға төтеп беру шаралары өтті

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 46-бабына және Астана қаласы әкімімен – Астана қаласы азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген 2017 жылғы елордалық аумақтық шағын жүйелерінің азаматтық қорғанысын жетілдіру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Астана қ. әкімдігігің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында 2017 жылғы 24 тамызда  Азаматтық қорғанысқа қатысты нысанды жаттығу және төтенше жағдайларға төтеп беру шаралары өтті.

Жаттығу тақырыбы: «Күдікті зат» атауымен «ТЖ туындаған кездегі әрекеттер».

Біздің қызметкерлер Азаматтық қорғаныс саласында дайындық өткізді

Астана қаласы әәкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК қызметкерлері Смыков Серік Елубайұлы, Жаманбаев Гұмырбек Мұқышұлы бас дәрігер Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент» мемлекеттік мекемесінің базасында Азаматтық қорғаныс саласында дайындық өткізді.

Оқу 2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қ. ТЖД, мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік к., 22 өтті.

Назар аударыңыз!

Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін  инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында  тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында  сауалнама  жүргізуде.

Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сауалнама мына сілтемелер  бойынша жүргізіледі:

орыс тілінде:  https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L 

қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS