Сенбілік 16.09.2017ж.

№ 11 емхана аумағына тіркелген жерлерде ұйымдастырылған сенбілікке сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін қатысты:

Абылай хан 30, № 11 қалалық емхана -  20 адам

Қоқыс шығару – 15 қап

Ағаш әктелді 16

Хабарландыру!

15 қыркүйектен бастап Астана қ. и»№11 қалалық емханада» тұрғындарды тіркеу науқаны басталды.

2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №11268 тіркелген) бекітілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №591 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №15604 тіркелген) бекітілген, ТМККК және МӘМС шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне көсетілетін қызметті сатып алу ережелеріне сәйкес, бастауыш медициналық-санитарлық көмек ұйымына азаматтарды тіркеу Ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсетуші (бұдан әрі – БМСК) денсаулық сақтау ұйымына азаматтарды тіркеу науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

«Денсаулық фестивалі 2017» республикалық акциясы өтті

Бүгін Триатлон  саябағында «Денсаулық фестивалі 2017» республикалық акциясы өтті. Бұқаралық мәдени-спорт шаралары, соның ішінде флешмобтар, БМСК мамандарының профилактикалық тексеру акциялары  ұйымдарстырылды.  Аталмыш фестивальге Серік Сапиев, Бахтияр Артаев және басқа спортшылар қатысты.  Біздің №11  ҚЕ қызметкерлері осындай керемет және маңызды шараларға қатысуда белесенділік танытуда. 

«Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өтті

07.09.2017 жылы Астана қ. әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп, оған Астана қаласы емдеу-профилактикалық мекемелерінің өкілдері, «Ана үйі» қоғамдық қорынан Ибраева Роза Садуқызы, сондай-ақ бала асырап алуға ниетті және мүдделі азаматтар қатысты.

Іс-шара барысында Балалар үйінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі заңгері О.А.Ионова мекеменің әлеуметтік қызметіне шолу жасады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

ШЖҚ «11 қалалық емхана» МКК қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда емхана қызмет көрсететін аумақтағы мекемелермен жұмыс жүргізу басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде біздің емхана аумағында 200-ден астам кәсіпорын бар. Бұл стоматология, балабақшалары, мектептер, дүкендер, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары, дәріханалар, моншалар және басқалар. Кәсіпорындардың тізіміне сәйкес Согласно списка предприятий барлық қызметкерлерге МӘМС туралы ақпараттық хабарлама жеткізумен осы мекемелер бөлініп берілді. Мекемелерді аралау бойынша мәліметтер жинағы және тұрғындарды тартумен емханада жауапты тұлғалар және спикерлер айналысуда. Бұл жұмысты жүргізудегі мақсат жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы атаулы ақпаратты тарату болып табылады.