Бүгін кезекті сенбілік өтті

Бүгін кезекті сенбілік өтті. Сенбілікке қатысу сағат 09.00-дан 12.00-ге дейін. 11 Емханаға тіркелген  аумақ бойынша қатысты:

Абылай хан 30, №11 қалалық емхана -  15 человек.

Қоқыс шығару  – 7 қап.

40 станция Железнодорожный к. - 20 адам.

Қоқыс шығару – 5 қап.

Ашық есік күні ұйымдастырылды

27.09.2017 жылы ШЖҚ №11 МКК-де кардиолог, терапевт және СӨС дәрігерлердің консультациясымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Осы күні емханаға тіркелген барлық пациенттер жүрек ауруларының алдын алу және емделу бойынша кеңес алды (қамтылуы 35 адам).

Айлық аясында жүреу ауруының алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Осы іс-шаранаың мақсаты адам денсаулығына кері әсер ететіндер туралы ақпараттандыруды арттыру болып табылады. Тыңдаушылар саны  -200 адам.

Брошюралар, парақшалар түріндегі «Жедел инсульттың алдын алу», «Артериалды гипертония»  тақырыптарында 300 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. 

«Мен және отбасы» тақырыыбында 6-сынып оқушыларымен семинар өткізді

26.09.2017 ж. сағат 12.00-де №22 мектеп-гимназияда, СӨС дәрігері: Сутдібаева А.Н.,  психолог: Нұрғожина Б.С., әлеуметтік қызметкер: Аманжолова Р.З. «Мен және отбасы» тақырыыбында 30 адамды қамтумен 6-сынып оқушыларымен семинар өткізді.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасында ҚР спартакиадасы өтті

13-24 қыркүйек аралығында Атырау қаласында ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасында ҚР спартакиадасы өтті.

Спартакиада 2 кезеңнен тұрды. Екінші кезеңде спорттың көптеген түрлері бойынша, соның ішінде үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылды. «Жігер» спорт клубының атынан №11 емхананың дәрігер-психотерапевті Г.С.Абдуллина қатысып, жеке сыныпта және топтық ойында 2 күміс медаль жеңіп алды. 

«Қазақстан Республикасындағы егілулерден бас тартқандар профилактикасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Бүгін 23.09.2017 ж. біздің емханада «Қазақстан Республикасындағы егілулерден бас тартқандар профилактикасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. (ҚР ДМ 03.06.17 ж., №395 бұйрығы). Ұйымдастырушылар: №11 ҚЕ ЖТД меңгерушілері және әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі. Шақырылған қонақтар - Есенова Диана Бетханқызы, дін бойынша Халықаралық орталықтың бастығы, сондай-ақ Шантай Марал Мұратқызы – дін бойынша маман. Дін өкілі, "Төлебай" мешітінің бас имамы - Салимов Асхат, иммунолог- Митина Мария Степановна және егілулерден бас тартқан ата-аналар (пациенттер). Дөңгелек үстел отырысына біздің емхана қызметкерлері де қатысты. Жоба мақсаты тұрғындарды профилактикалық егілулермен қамту және ақпараттандыру.