Тұмауға қарсы екпе

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, тұмауға қарсы екпе жүргізу жоспары бойынша 2017-2018 ж.ж. эпидемиялық маусымда, біздің қызметкерлер тұмауға қарсы екпе алды. 

Халықаралық егде адамдар күні

Бүгін біздің емханада Халықаралық егде адамдар күні аталып өтілді!

Емханамыздың пациенттері мен қызметкерлері арасындағы зейнеткерлер қонақ ретінде шақырылды. Дастархан жайылып, мерекелік шай ішілді, дастархан басында біздің емханаға тағдыр бізді қалай тоғыстырды деген тақырыпта әңгіме өрбіді. Емхана басшылығы қонақтарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аға буын өкілдері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Біздің қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырылды. 

Біздің мемлекет адам өмірін ұзартуға көбірек көңіл бөліп, өмірдің ұзақ қана емес, сонымен бірге анағұрлым мағыналы әрі мәнді болуына  маңыз беріп отыр.

Жоба ұйымдастырушылары – бас дәрігердің басшылығымен кәсіподақ комитеті және әлеуметтік-психологиялық қызмет. 

«Түсікке жол жоқ!» тақырыбы бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында семинар өтті

03.10.2017ж. сағат 12.00-де №29 орта мектепте акушер-гинеколог: Ордабаева С.С., СӨС дәрігері: Сутдібаева А.Н. 40 адамды қамтумен «Түсікке жол жоқ!» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында семинар (1) өткізді.

Мақсаты: Ерте жүктілік мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру; жасөспірімдердің Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Флюорографиялық тексерілу не үшін қажет?

Жыл сайын аймақтық дәрігер өзінің әр пациентін флюорографиялық тексерілуге жіберіп отырады. Және мұны жай ғана «белгі соғу» үшін істемейді. Ендеше, флюорографиялық тексерілуден үнемі өтіп тұру не үшін қажет?

Көптеген ауыр, өлімге әкеліп соғатын аурулар, соның ішінде өкпе обыры және туберкулез, аурудың өзін-өзі сезінуіне бәлендей өзгерістер әкелмей-ақ, ұзақ уақыт бойы білінбеу өтуі мүмкін. Көп жағдайда жөтел, демігу, дене қызуының көтерілуі, салмақтың азаюы, жалпы әлсіздік аурудың асқынған, кейде тіпті жазылмайтын ауруға әкеліп соғады. Осыған орай, тек, флюорографиялық тексерілуден үнемі өтіп тұру ауруды уақытында, бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ауруды толықтай жоюға, денсаулықты қайтаруға, сонымен бірге үйреншікті режимді және өмір сүру дағдысын қайтаруға жол ашады.

«Өзіңді және жақындарыңды тұмаудан қорға» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Жаз жылдам өте шықты, салқын күндер көбейді. Күздің келуімен мектеп оқушылары, балалар және ересектер арасында ауру да артты. Қазақстанда жыл сайын жедел респираторлық аурулар мен тұмаумен ауырған 600-ден 1,0 млн.-ға дейін жағдай тіркелді. Жалпы ауырғандар қатарында 14 жасқа дейінгі балалар жалпы аурушылардың 70 % құрайды. Өткен жылдардағы эпидемиялық таралу талдаулары бойынша тұмаумен және ЖРВИ-мен ауырушылар қатарының көбеюі желтоқсанның ортасында, қаңтардың аяғы және ақпанның басында байқалады.

Тұмауға қарсы иммундау 1 қазаннан басталады. Бұл үшін вакцинаның қажетті дозасы сатып алынды. Осыған орай, біздің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де 2017 жылдың 30 қыркүйегінде «Өзіңді және жақындарыңды тұмаудан қорға» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.