«Таза қолдар өмірді сақтап қалады» акциясы

Жыл сайын 15 қазанда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «Таза қолдар өмірді сақтап қалады» атты маңызды акция ұйымдастырады. Осы күні БДҰ адам өмірін құтқару үшін қол гигиенасын жақсарту және қолдау мақсатында адамдарды бірігуге шақырады.

Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мақсатында емхана қызметкерлері ай сайын қолдарды жуу техникасы бойынша семинар, пациенттермен, олардың жақындарымен профилактикалық әңгімелер өткізеді және жыл сайын Таза қолдар күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекциялардың алдын алу бойынша айлық жалғасуда

Біздің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекциялардың алдын алу бойынша айлық жалғасуда. Сұрақтарға біздің пациенттерден жауаптар! Жүкті әйелдер де тұмаудан егілуде.

 Болашақ аналар үшін тұмау несімен қауіпті? Қызық жағдайдағы әрбір үшінші әйелді осы мәселе толғандырады: жүкті әйелдерге тұмаудан егілуге бола ма?

Әрине, олардың бұл мәселеге қатысты алаңдауы орынды. Вирустың жаңа өзгерістері адам ағзасына түзелмейтін зиян алып келуәі ықтимал. Тұмау кей жағдайда адамды мүгедектікке алып келеді, кейде тіпті жағдадйдың өліммен аяқталуы да мүмкін. Болашақ аналар қауіп тобына жатады, сондықтан олардың жүкті әйелдерге егу қалай жүргізіледі және ол не беретінін білуі қажет. Қорғану және алдын алу шаралары: вирусты инфекциядан қорғанудың көптеген тәсілдері бар. Қолды жиі жуу, антисептиктерді қолдану, жеке гигиена құралдарын пайдалану керектігі баршаға мәлім. Эпидемия кезінде адам көп шоғырланған орындарға барғанда жүкті әйелге қорғаныс маска кию керек, оны әр екі сағатта бір ауыстыру керек. Дүкендерге, базарға, және басқа да орындарға барудан бас тартқан жөн. 

Осы ережелерді қатаң сақтаған абзал. Дегенмен, бұл барлық жағдайда бірдей инфекция жұқтырудан сақтамайды. Тұмауды ауа немесе тікелей қарым-қатынас арқылы да жұқтыруға болатынын бәріміз білеміз. Инфекция өте жұқпалы, ол он шақты қашықтыққа дейін таралады. Егілу жүкті әйелдер үшін де аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. 

Тарау: Пайдалы кеңестер - Психикалық денсаулықты нығайтуға арналған кеңестер

Фтизиатрлар мен терапевтердің (жтд) жалпы емдеу жүйесіндегі өзара әрекеттестігі туралы

Бүгін 12.10.2017 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 22 тамыздағы №19 бұйрығы. Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Нұсқаулығын бекіту туралы» тақырыбында дәрігер-фтизиатр Мусакулов Р.Ж., бөл. меңгерушісі Пернебекова Р.Ж., ЖТД дәрәігерлерінің және терапевтердің қатысуымен семинар өтті.

Емхана түріндегі жалпы емдеу мекемелеріндегі туберкулезге қарсы жұмыс мәселелері қаралды. Бұл мекемелердің негізгі міндеттері сырқатты туберкулезге білікті тексеру және оны туберкулезге қарсы диспансерге уақытылы жіберу болып табылады.

Психикалық денсаулық күні 10 қазан

2017 жылдың 10 қазанында ШЖҚ №11 ҚЕ МКК-де емханаға тіркелген барлық пациенттерге психологтің және психотерапевттің профилактика бойынша консультациялары ұйымдастырылды.

Медициналық қызметкерлерге арналған, депрессиялық жабырқаулықтардың таралуын қысқартуға бағытталған семинар өтті.

Емханада және бекітілген ұйымдарда профилактикалық пікірлесулер мен лекциялар ұйымдастырылды. №29 ОМ 40 адамның қатысуымен «Агрессияға жол жоқ!» тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында семинар өтті.