«Ұжымның бірігуі» тақырыбында тренинг өтті

Бүгін ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де «Ұжымның бірігуі» тақырыбында психологтың басшылығымен 20 адам қатысқан тренинг өтті.

Ұжымның бірігуі – бұл қызметкерлердің өнімділігі мен тиімділігіне жауап беретін параметрлердің бірі.

Ұжымның бірігуі – бұл бір мақсатқа, бір мүддеге, бір құндылыққа, ережелер мен нормалардың бірлігіне  негізделген барлық мүшелердің ынтымақтастығы. Бірігу – бұл ұжымның көңіл-күйінің бірлігі, бұл – бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың, бірге болуға, бірге әрекет етуге, бірлесіп жұмыс істеуге, жақын араласуға  деген ниет. Бірігу – ұжымдағы адамдардың бірлесіп ойлауы, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасы, командалық жұмысқа бірлесіп бағыт ұстау.     

Жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекцияның алдын алу

№ 32 мектеп-гимназияда «Жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекцияның алдын алу» бойынша айлық жалғасуда. 

Барлық инфекциялық аурулардың құрылымының 95% ЖРВИ және ЖРА құрайды. Осы екі диагноз өзінің

мәні бойынша бір-бірінен ерекшеленеді: ЖРВИ, қатарына тұмауды да жатқызуға болады, тек вирустармен шақырылады., ал ЖРА-ды бактериялар да, микоплазмалар да, басқа қоздырушылар да шақыра алады.

«Жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекцияның алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2017 жылғы 17 қазанда БДҰ «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы,  «Денсаулық» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, №22 мектеп-гимназиясында «Жіті респираторлық вирусты инфекциялардың, тұмаудың және пневмококты инфекцияның алдын алу» тақырыбында семинар өтті. 

Көп жылдан бері жіті респираторлық вирусты инфекциядһлар әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. ЖРВИ-мен ауырудың жоғары деңгейі, барлық топтар үшін , соның ішінде балалар үшін аса қауіпті.

Құрметті келушілер!

Әр адамның тыныш әрі жайлы өмірінің негіздерінің бірі оның денсаулығы мен жақындарының амандығы болып табылады. Баршамызға мәлім, адамның өзін жақсы сезінуі оның толыққанды өмір сүруіне, мамандығын меңгеруде және шығармашылығн шыңдауда өз әлеуетін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көп жылдан бері біздің ұжымның жұмысы өз пациенттеріміздің жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталып келеді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 11 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Астана қ. әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына бағынатын, дербес мекеме болып табылады.  

Біздің емхана аймақтық-аумақтық принцип бойынша тіркелген тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің үш филиалы бар: Железнодорожный кенті (7236), Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университі жанында (оқушылардың саны – 13516) және Құдайбердіұлы, 28 үй (тұрғындар саны - 4667).

Бүгін оңтүстік кореяның тэджон қ. мэрииінен бір топ делегаттар танысу мақсатымен келді

Бүгін, 2017жылғы 16 қазанда, №11 қалалық емханаға емхана жұмысымен танысу мақсатында Оңтүстік Кореяның Тэджон қ. Мэрииінен Мэрии қызметкері – медициналық туризм саясатының денсаулық сақтау бөлімінің менеджері Пё Джин Суктің басшылығымен бір топ делегаттар келді. Делегаттар құрамында «Бода» клиникасының, Чуннам Ұлттық университеті госпиталінің, Коньянг университеті госпиталінің профессоры бюолды. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар емхана қызметімен танысты, скрининг кабинетінде, диспансерлік аурулардың кабинетінде болып, олардың жұмысын өз көздерімен көрді. Мәжіліс залында достық жағдайда Қазақстан Республикасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері талқыланды. Қонақтардың көптеген сұрақтарына емхананың бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Кариполлоұлы нақты әрі тұщымды жауап қайтарды.