Еуразия Ұлттық Университетінде студенттерге арналған «Алкогольден бас тартудың Ұлттық күні» онкүндігі аясында семинар өтті

2007 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда тұрғындардың ерте өлімінің, денсаулықтан айырылудың және еңбекке жарамсыз  болып қалуының себептерінің бірі болып табылатын алкогольден бас тартудың Ұлттық күні аталып келеді.

2016-2019 ж.ж. «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары аясында, ПФҰО СӨС ұйымдастырушылық-әдістекмелік басшылығымен, 2017 жылдың 17-26 қазанда ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ге тіркелген ЕҰУ-де  алкогольден бас тартудың Ұлттық күніне арналған алкогольді шамадан тыс пайдаланудың алдын алу жөніндегі онкүндік өтті. Онкүндік аясында Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне арналған «Алкогольді шамадан тыс пайдаланудың алдын алуға қазіргі заманғы көзқарас және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

«Алкогольге «Жоқ» де!

2017 жылғы 17-26 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Алкогольге «Жоқ!» деген атаумен алкогольден бас тартудың Ұлттық күніне арналған онкүндік өтті. Осы бағытта ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ге тіркелген №22 орта мектепте9-11 сынып оқушыларының жалпы 35 адамның қатысуымен тренинг өтті.

Іс-шараны өткізудің мақсаты – балаларға, жасөспірімдер мен жастарға алкогольдің адам ағзасына кері әсері туралы жеткізу, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптыстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. "Алкогольді шамадан тыс қолдану тұрғындардың ерте өлімінің, денсаулықтан айырылудың және еңбекке жарамсыз  болып қалуының себептерінің бірі болып табылады. 

Сүт безінің обыры туралы хабарландырудың Бүкіләлемдік күні

Әлем әйелдері арасындағы ең көп таралған аурулардың бірі сүт безінің обыры болып табылады. Әйелдер арасындағы барлық  қатерлі ісік ауруларының 16% осы ауруға тиесілі.

Қазақстан Республикасында сүт безінің обыры әйелдер арасындағы жаңадан пайда болған аурулардың ішінде алғашқы орында қалып отыр. Сүт безі обырын ерте кезеңде анықтаған жағдайда, оны жоғары мүмкіндік деңгейінде емдеуге болады. Дегенмен, ауру кешірек анықталған жағдайда, қатерлі ісікті емдеу көп жағдайда мүмкін емес. Ерте диагностикалау және уақытылы басталған емдеу – әйел денсаулығын сақтаудың кепілі.

Әйелдер денсаулығын қорғау бойынша онкүндік аясында сүт безінің обыры туралы хабарландырудың Бүкіләлемдік күнінде 2017 жылғы 21 қазанда ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де дәрігер-маммолог А.М.Кукановпен Ашық есік күні өткізілді. Барлық тіркелген пациенттер алдын ала жазылусыз және жолдамасыз консультация алуға мүмкіндік алды және тексерілуден (УДЗ, маммография) өтті. Сондай-ақ, «Сүт безі обырының алдын алу шаралары», «Сүт безін өзін-өзі тексеру» тақырыбында медициналық қызметкерлер және емхана пациенттеріне арналған лекция-тренинг өткізді. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін семинар өтті

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін оқу модулі, Мариото отелінде 19-20 қазан аралығында семинар өтті. Ұйымдастырушылар Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі БҰҰ әйелдер құқығын қорғаумен бірлесіп.

Семинарға қатысқандар: Астана қ. емханалары, мектептері, кризистік орталығы, ІІД  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі, Астана қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасыАстана қ. әкімдігінің Әлеууметтік қызмет көрсету орталығы. ШЖҚ «№11 ҚЕ» МКК-ден Аманжолова Р.З., Курмагожина Г.А. болды.

Осы тренинг барысында біз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қайта бағыттау механизмдері бойынша жаңа жетекшіліктерді үйрендік, жұмыс тәжірибесімен бөлістік. 

№32 мектеп-гимназиясының еңбек ұжымыедағы міндетті әлеуметтік –медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК әкімшілігі мына мекенжайда: Астана қ, Абылайхан даңғ, 25/3 үйде орналасқан  №32 мектеп-гимназияның мәжіліс залында 19 қазанда міндетті әлеуметтік –медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында бас дәрігердің орынбасары Е.Д.Шалов міндетті әлеуметтік –медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты таныстыруы бар толық материалдарымен сөз сөйледі. Тыңдаушылар саны барлығы 73 адам болды. Таныстыру бөлімінен кейін МӘМС тақырыбы бойынша сұрақтар қойылып, оларға бас дәрігердің орынбасары нақты жауаптар қайтарды. Кездесу өте маңызды әрі мағыналы өтті. Мектеп басшылығы ұйымдастырушылардың атына алғыс білдірді.