Алдын алу бөлімінің қызметкерлері SOS Балалар ауылының жасөспірімдеріне арналған ақпараттық іс-шара өткізді. Кездесу барысында қызметкерлер “№11 Қалалық емхана “ «Дауа» жастар денсаулық орталығының жұмысымен таныстырды. Орталық денсаулық сақтау, соның ішінде репродуктивті денсаулық бойынша кеңестер мен көмек көрсетеді.
Қыздарға ерте жүктіліктің олардың өміріне қалай әсер ететіні туралы айтылды, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы ақпаратпен бөлісті.
СӨС дәрігері салауатты өмір салты жөнінде дәріс оқыды.
Психологиялық тренинг барысында қызметкерлер жасөспірімдердің қасиеттердің маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шара қыздарға денсаулық туралы маңызды ақпарат алуға және олардың болашағы үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектесті.