Бүгін емхана директоры Сагандыков Ж.К. кезекті жұмыс отырысын өткізді

Бүгін емхана директоры Сагандыков Ж.К. кезекті жұмыс отырысын өткізді.

Жиналыста қызметкерлердің жұмысын дұрыс ұйымдастыру, еңбек тәртібін бақылау, МӘМС және ТМККК бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындау сұрақтары және басқа да көптеген өзекті жұмыс мәселелері талқыланды.

Алға қойылған жоспарлар мен тапсырмаларды нақты және тиімді орындау арқылы тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсете аламыз.