Жуырда Астана медицина университетінде түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілердің кездесуі өтті

Жуырда Астана медицина университетінде түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілердің кездесуі өтті. Кездесуде Қазақстанның әр өңірінен денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Аталған шарада емханамыздың статистик дәрігері, «AQNIET» кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаниба Ерболатқызы сөз сөйлеп, емханамыздың жұмысымен таныстырып өтті.

Өз сөзінде маман емханамыздың қызмет етуге қолайлы орта екенін, соның ішінде жас мамандарға тәжірибе жинап, білімдерін шыңдауға болатын медициналық мекеме екенін атап өтті және кездесу соңында түлектердің сұрақтарына жауап берді.

Биыл Астана медицина университетінде 1800-ге жуық түлек оқу бітіргелі отыр екен. Олардың әрқайсысының дұрыс білім алып, өз істерінің маманы атанатынына сеніміміз бол! Ақ жол!