Жуырда емханада Пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жуырда емханада Пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиналыс барысында Пациенттер кеңесінің төрағасы қайта сайланып, нәтижесінде бірауыздан Игенбаева Ботагөз Ермайқызы Кеңес төрағасы болп тағайындалды.
Игенбаева Ботагөз Ербайқызы “Особые праздники” қоғамдық қорының басшысы болып табылады. Өз кезегінде Ботагөз Ермайқызы Кеңес мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, пациенттеріміздің игілігі үшін жемісті жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Отырыста 2024 жылға арналған жоспар бойынша нақты мәселелер талқыланып, медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді қарау үдерістеріне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы директор Ж.К.Сағандықовтың бастамасымен тіркелген тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында емханада пациенттер кеңесі құрылды.