Жуырда клиникалық-диагностикалық бөлімшенің аға медбикесі Т.Д.Дюсенова Финляндияда мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқыды

Жуырда клиникалық-диагностикалық бөлімшенің аға медбикесі Т.Д.Дюсенова Финляндияда мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқыды және әріптестерін Хельсинки қаласының емханасы базасында орналасқан денсаулық және халықтың әлеуметтік әл-ауқаты орталығындағы және көпсалалы ауруханасындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, техникалық жабдықталуы, медицина қызметкерлерінің міндеттері туралы ақпарат берді.

Таншолпан Дәуренбекқызы Финляндияда өткен халықаралық тағылымдамаға қатысқанын еске салғымыз келеді.

Финляндияның Денсаулық сақтау жүйесі-әлемдегі ең мықты денсаулық сақтау жүйелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, елдегі білім беру жүйесі өзінің жоғары сапасымен танымал және әлемдегі үздіктердің қатарына кіреді.