Қазақстан терапевтері конгресі «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар»

Қазақстан терапевтері конгресі «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар».

Конгреске Түркия, Украина, Польша, Албания, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің жетекші ішкі аурулар және клиникалық фармакология сарапшылары, сондай-ақ, емханамыздың жоғары санатты терапевт дәрігері, клиникалық фармаколог А. А. Абдуаева қатысты.
Конгресс шеңберінде ішкі аурулар клиникасында дәрілік терапияның өзекті мәселелері талқыланды, оңтайлы терапияны таңдаумен күрделі және ауыр пациенттерді емдеу жағдайлары, жаңа дәрілік препараттар, оларды қауіпсіз қолдану ерекшеліктері ұсынылды.