Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдында қорқыныш сезімдерін жеңуге үйрету мақсатында №11 Қалалық емханада" отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі жұмыс істейді

Бала босанып, ана атану- әйел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған дайындық жүктіліктің алғашқы айларынан басталуы керек. Көбінесе, жүкті ана жүктіліктің барлық егжей-тегжейін әрдайым біле бермейді, әсіресе егер ол әйелдің алғашқы жүктілігі болса.
Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдында қорқыныш сезімдерін жеңуге үйрету мақсатында №11 Қалалық емханада" отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі жұмыс істейді. Сабақты акушер Р. К. Есимова жүргізеді.
Оқу барысында болашақ аналар жүктілік кезінде өзін жайлы сезіну және босану сәтіне саналы түрде қарау үшін қажетті барлық ақпараттармен танысады. Сондай-ақ, жүктілік кезінде ағзаны тазарту және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар алады .
Жүкті әйелдерді босануға дұрыс дайындау босану процесін едәуір жеңілдетеді және одан кейінгі қалпына келтіру кезеңін қысқартады.
Отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі 213 кабинетте жұмыс істейді. Сондай-ақ, осы кабинетте психолог маманының кеңесін алуға да болады.