Бүгін Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан "№11 Қалалық емхана" филиалында жұмыс кеңесі өтті

Бүгін Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан "№11 Қалалық емхана" филиалында емхана директорының, директордың орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің, аға мейірбикелердің, №3, 15 және 27 ЖТД қызметкерлерінің, сондай-ақ күндізгі стационардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында жаңа филиал қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.1 тамыздан бастап №3, 15 және 27 учаскелердің, күндізгі стационардың, сондай-ақ кардиолог дәрігердің қабылдауы Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша жүргізілетінін естеріңізге саламыз.
Бүгінгі таңда жаңа филиалда логистика пысықталып, тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасалынды.