Әлеуметтік қызметкер жүргізетін медициналық-әлеуметтік жұмыс-бұл халықты медициналық-әлеуметтік қорғаудың нақты көрінісі

Әлеуметтік қызметкер жүргізетін медициналық-әлеуметтік жұмыс-бұл халықты медициналық-әлеуметтік қорғаудың нақты көрінісі. Ол мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсетуге бағытталған.

ШЖҚ «№11 Қалалық емхана» МКК-да мүмкіндігі шектеулі жандарға емхана бойынша сүйемелдеу арқылы тұрақты негізде көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ерекше денсаулығы бар пациенттерге ыңғайлы болу үшін учаскелік қызмет пен арнайы мамандар қабылдаудың күні мен уақытын алдын-ала келісу бойынша тығыз жұмыс жасайды. Оларға емханада медициналық қызметтерге кедергісіз қол жеткізу үшін «Жасыл дәліз» құрылды.

Бүгін әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен кезекті жұмыс супервизиясы өткізілді.
Супервизияда маңызды жұмыс мәселелері қаралды және талқыланды.