Бүгін "№11 Қалалық емхананың" филиалында дені сау бала кабинетінің медбикесі Мухамедьярова Еркемай Садвакасовна әйелдерді бала денсаулығы үшін бала емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру мақсатында жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған дөңгеле

Бүгін "№11 Қалалық емхананың" филиалында дені сау бала кабинетінің медбикесі Мухамедьярова Еркемай Садвакасовна әйелдерді бала денсаулығы үшін бала емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру мақсатында жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Осы дөңгелек үстелде ана сүтімен емізуді қолдаудың маңыздылығы, қосымша тамақтануды енгізу, емізуді аяқтау, тамақтану рационы, бала емізетін әйелдің күн тәртібі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 1-7 тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтімен қоректенетін балалардың денсаулығын нығайту мақсатында емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өтеді