Осылайша, біз 1995 жылдың желтоқсанында бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға келдік, оны азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Ол біздің бүгінгі өмір сүріп жатқан, мемлекетімізді құрған, тәуелсіздігімізді нығайтып жатқан Негізгі Заңға айналды».
Бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша 1995 жылғы 6 қыркүйекте Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлыққа қол қойып, ҚР жаңа Конституциясының ресми таныстыру салтанатын өткізді. Тарихи оқиғаға орай Қазақстан Президентінің атына мемлекет және үкімет басшыларынан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, қарапайым азаматтардан құттықтау хаттар келді.
Қор көрмесінің материалдары (архив құжаттары, фотосуреттер, музей жәдігерлері, кітап жинақтары, т.б.) қолданыстағы Конституцияның, яғни Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы негізгі құжаттың құрылуы мен қабылдануындағы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелейді.