өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері бойынша А1 (бастапқы) деңгейін меңгергендігін растайтын сертификат табыстады

10 тамыз күні Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінің басшысы Г.Камашева мен «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.К.Сагандыков  өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері бойынша А1 (бастапқы) деңгейін меңгергендігін растайтын сертификат табыстады. Емхана ұжымының атынан  қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова М.Т-ға алғыс білдіреміз.

Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.

Сабақтар шағын топтарда 2 адамнан 6 адамға дейін өткізіледі. Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

  • 11
  • 111
  • 1111
  • 11111