Өзіңізді нашар сезінген кездегі әрекеттер.

Өзіңізді нашар сезінген кездегі әрекеттер.

COVID-19 симптомдарының спектрін білетіндігіңізге көз жеткізіңіз. COVID-19 ең көп таралған белгілері – дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел және тез шаршағыштық. Кейбір пациенттерде кездесетін белгілерге дәм немесе иістің жоғалуы, ауырсыну, бас ауруы, тамақ ауруы, мұрын бітелуі, көздің қызаруы, диарея немесе терінің бөртпесі жатады.
Егер сізде жөтел, бас ауыру, аз ғана дене қызуы көтерілуі сияқты аурудың жеңіл белгілері болса да, сауығып кеткенше үйде оқшауланған күйде болыңыз. Көмек алу үшін дәрігерге немесе сенім телефонына хабарласыңыз. Сіз үшін дүкенге біреу баруын ұйымдастырыңыз. Егер сізге үйден кету керек болса немесе сіз біреумен тұрсаңыз, басқаларға жұқпас үшін медициналық масканы қолданыңыз.
Дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, тыныс алуда қиындық туындаса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге жүгініңіз. Мүмкіндігінше, алдымен көмекке жүгініңіз және жергілікті денсаулық сақтау органының нұсқауларын орындаңыз.

ДДҰ жергілікті немесе орталық денсаулық сақтау органдары сияқты сенімді ақпарат көздерінен хабардар болып отырыңыз. Денсаулық сақтаудың жергілікті және орталық органдары сіздің аймағыңыздағы адамдар үшін жеке қорғаныс шаралары туралы ең дұрыс кеңес бере алады.