Балаларды COVID-19-тен қалай қорғауға болады.

Балаларды COVID-19-тен қалай қорғауға болады.

    Балалардың таза ауаға, далаға шығуы қажет, бірақ сонымен бірге олардың қандай ережелерді сақтау керектігін дұрыстап түсіндіру керек. Өзіңіздің бойыңыздағы тазалық ережелерін насихаттау арқылы тазалыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балаңызбен серуендеп, ойнағаннан кейін, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін әрқашан қолыңызды жуыңыз. Балаларға инфекцияның немесе аурудың көзі лас қолдың болатындығы туралы түсіндіріңіз.

    Адамдар көп шоғырланған жерлерде кемінде екі метрдей мүмкіндігінше әлеуметтік арақашықтықты сақтау ұсынылады. Егер бала оны байқай алмаса, онда сіз мұндай жақын байланыс жоқ жерде серуендеуге тырысуыңыз керек.

   Сонымен қатар, балаларға қолдарын бетке тигізуге, мұрынға тигізуге, көзді ысқылауға болмайтындығын түсіндіру маңызды, себебі бұл инфекцияны тудыруы мүмкін. Сырғанақтан кейін немесе басқа ойын-сауық жерлерде серуендегеннен кейін терінің ашық жерлерін де жиі дезинфекциялау керек, ал үйге оралғаннан кейін душ қабылдаған жөн.

    Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес балалар алаңдары үнемі, балалар болмаған кезде дезинфекцияланады. Әрине, дезинфекциялық құралдармен өңделген жерлерде ойнау қауіпсіз, дегенмен, қауіпсіздік деңгейі сол жерде болған балалардың санына байланысты.