Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

‼️Сіздерді коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина жасауға шақырамыз. Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады 2 қабат, 213-кабинет.

Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін,  ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады +7771-010-86-46.

Егер сіздің жұмысыңызда 15 және одан көп адам жұмыс жасайтын болса, онда емхана қызметкерлері ұжымдық иммундау бойынша мобильді топ ұйымдастырылып сіздерге барады.

☑️«Гам-КОВИД-Вак», саудалық атауы «Спу́тник-V» — COVID-19 жаңа короновирустық жұқпалы ауруды алдын алуға арналған тіркелген ресейлік құрамдастырылған векторлық вакцина.

Ресейлік Н. Ф. Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология мен микробиология зерттеу орталығы және Ресей Қорғаныс министрінің 48-Орталық ғылыми-зерттеу институты бірлесіп жасап шығарған. Вакцина РФ Денсаулық сақтау министрлігінде 2020 жылдың 11 тамызында тіркелген. Спутник-V вакцинасы вирустық вектордың аденовирусынан тұрады.

«Құрметті Қазақстан халқы! Вакцина - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын-алатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Сіздің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл планетада коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосады деп сенеміз!»

Вакцина ағзаның иммунитетін арттырады. Сізді жұқпалы аурулардан қорғайды.