«Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өтті

07.09.2017 жылы Астана қ. әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп, оған Астана қаласы емдеу-профилактикалық мекемелерінің өкілдері, «Ана үйі» қоғамдық қорынан Ибраева Роза Садуқызы, сондай-ақ бала асырап алуға ниетті және мүдделі азаматтар қатысты.

Іс-шара барысында Балалар үйінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі заңгері О.А.Ионова мекеменің әлеуметтік қызметіне шолу жасады.

Мекеме қызметкері Күлманова Ж.С. асырап алуға жататын балалар туралы республикалық мәліметтер базасының жұмысы туралы ақпаратты жеткізді. Балалар үйінің бас дәрігер Смагулова А.Н. Балалар үйі жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру бойынша жүргізілген шараларды баяндады.

Сонымен бірге, қатысушылар мекеме қызметінің жұмысымен, сенсорлық бөлменің мүмкіндіктерімен, ЛФК кабинетінің, логопедтің балалармен сабағын тыңдауға, Монтессори кабинетінің жұмысымен танысуға мүмкіндік  алды. Іс-шара барысына, сондай-ақ Астана қ. қалалық емханалардың медициналық қызметкерлері, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер, біздің №11 емханадан психолог Нұрғожина Б.С. және әлеуметтік қызметкер Аманжолова Р.З. қатысты. 

  • _SAM9624 1
  • _SAM9628
  • _SAM9656
  • _SAM9660
  • _SAM9668 1
  • _SAM9669
  • _SAM9671