Халықаралық егде адамдар күні

Бүгін біздің емханада Халықаралық егде адамдар күні аталып өтілді!

Емханамыздың пациенттері мен қызметкерлері арасындағы зейнеткерлер қонақ ретінде шақырылды. Дастархан жайылып, мерекелік шай ішілді, дастархан басында біздің емханаға тағдыр бізді қалай тоғыстырды деген тақырыпта әңгіме өрбіді. Емхана басшылығы қонақтарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аға буын өкілдері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Біздің қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырылды. 

Біздің мемлекет адам өмірін ұзартуға көбірек көңіл бөліп, өмірдің ұзақ қана емес, сонымен бірге анағұрлым мағыналы әрі мәнді болуына  маңыз беріп отыр.

Жоба ұйымдастырушылары – бас дәрігердің басшылығымен кәсіподақ комитеті және әлеуметтік-психологиялық қызмет. 

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6