24 наурыз бүкіл әлкмдік туберкулезге қарсы күн

  • Әлемде әр минут сайын 3 адам туберкулез дертінен жан тәсілім етеді. Дүниежүзі ғалымдары мұның дауасын іздеп, тамырына балта шабу үшін түрлі зерттеулер жасап жатыр. Жылда 24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. 
    Туберкулезді қалай алдын алуға болады?
     
    Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
    Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.

     
    Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі:
     
    • БЦЖ вакцинасы – туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;
     
    • 7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады (екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, организмнің реакциясын тексереді);
     
    • флюорографиялық скрининг (ересектерге, жыл сайын);
     
    • көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.
     
    Туберкулез ауруы қалай байқалады?
     
    Туберкулез адамда бірден пайда болмайды, өкпе қабынуы асқынып, уақыт өте келе біртіндеп көрінеді. Сондықтан, аалғашқы кезде туберкулезді байқау мүмкін емес. Бірнеше уақыттан соң, науқас үздіксіз жөтеліп, сұйықтық немесе қан құсуы мүмкін, кейінірек кеуде тұсы ауырып, салмағы азайып, өзін жайсыз сезінеді, қызуы көтеріледі. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексерілу керек.
     
    Кімдер туберкулезге шалдығады?
     
    Ең алдымен иммунитеті әлсіз адам туберкулез ауруына шалдығуға бейім болады. Егер адам шамадан тыс шаршаса, жүйелі дұрыс тамақтанбаса, стресске шалдықса, иммундық жүйе бұзылып, түрлі аурулар туындаса иммунитет әлсірейді.
     
    АИВ (ВИЧ) және ЖИТСпен (СПИД) ауыратын науқастар жиі туберкулез жұқтырады.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, туберкулез ВИЧ-ке шалдыққан науқастар көбіне туберкулезден қайтыс болады. Өкінішке қарай, 2016 жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар арасында қайтыс болғандардың 40%-ы туберкулезбен байланысты болған. Сонымен қатар, көбіне туберкулезді балалар жұқтыруы мүмкін, өйткені олардың иммунитеті әлі толық қалыптасқан жоқ. Сондай-ақ, егде тартқан азаматтар да бұл ауруға душар болуы мүмкін