Мобильді бригадалар және қызметтері

Мобильді бригадалар және қызметтері

Емханалар мен отбасылық амбулатория жанынанда уақытша Мобильді бригадалар құрылады.

1 мобильді бригада 5 мыңнан аса адамға арналған.

Науқас мобильді топқа жұмыс күндері — 8.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шала алады. Ал 18: 00-ден кейін және демалыс, мереке күндері — 103 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Мобильді топ құрамына дәрігер немесе медбике кіреді. Аурудың айқын белгілері болған жағдайда, арнайы маман болады.

‼️Мобильді бригадалар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:
науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;


 COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу;

көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;
қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;
«Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу.