16 наурыз – Шежіре күні

Шежіре күні.

16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар бұл күні отбасының, жеті атаның, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі таратылады.
Халық мейрамда қыдырып,үйді-үйге барып көже ішіп жүргенде берілетін Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып,ақсақалдардың батасын алады.
Наурыз мерекесі құтты болсын!