Ведомствоаралық комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған қызметі

 

  • Ведомствоаралық комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған қызметі

    «№11 қалалық емханадағы» ведомствоаралық комиссияның 2019-2020 жылдардағы қызметінің қорытындылары.

    «№11 қалалық емханада» ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 02 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын орындау негізінде 2019 жылғы 06 қарашада құрылды.

    2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы желтоқсанға дейін өмірлік қиын жағдайда жүрген пациенттерді қолдау үшін ведомствоаралық комиссияның қарқынды және белсенді жұмысы басталды және өткізілді, оған мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар кірді.

    Комиссия құрамында: емхана директоры, Аудан әкімдігінің өкілі - Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Нұр-Отан партиясының өкілі – «Нұр Отан» филиалының бірінші орынбасары, Білім беру өкілі – Еуразия институтының Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, қаланың жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі, №22, 28, 29, 32 ОМ қамқоршылық кеңесінің өкілдері, құқық қорғау органдары, емхананың медициналық және медициналық емес мамандары - емдеу және алдын алу жұмысы жөніндегі жетекшісі, босандыру және балалық жұмысы жөніндегі жетекшісі, супервизор, әлеуметтік қызметкерлер, "БлагоДарюАстана" жеке және қоғамдық қорлары, "Ақниет" ЖҚ, "Ана үйі" ҚҚ және басқа да ҮЕҰ бар.

    Осы кезеңде ведомствоаралық комиссия мүшелерімен және әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының командасымен халыққа қолдау көрсету бойынша нәтижелі жасампаз қызмет атқарылды.

    Жаңа жыл мерекесі, Балаларды қорғау күні "Жүректен жүрекке" акциясы аясында тұрғындар үшін бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді, карантин жағдайында тұрақты негізде азық-түлік, дәрі-дәрмек, қорғау құралдары таратылып, ведомствоаралық жұмыс бойынша серіктестермен бірлесіп әлеуметтік көмек көрсетілді және одан әрі волонтер-студенттермен арт-терапия бойынша жұмыс жүргізілді, ерекше назар аударылатын санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалармен ағылшын тілі бойынша репетиторлық жұмыстар жүргізілді, қарт адамдармен бірқатар іс-шаралар өткізілді, денсаулығынан толық айырылған жас қыз қамқорлығына алынған отбасына көмек көрсетілді, қайырымдылық жәрмеңкелері өткізілді, бұл іс-шараларды
  • іс-шаралардың барлығы "БлагоДарюАстана" ҚҚ, "Ақниет" ЖҚ, "Ана үйі" ҚҚ, "Ұлы ғасыр", "Электросборочный завод", сондай-ақ басқа да бірқатар іс-шараларға қатысқан мемлекеттік ұйымдардың қолдауымен өткізілді.
    Атап айтқанда, "Ұлы ғасыр" қоры мұқтаж науқастардың емханада жүріп-тұруы үшін арбалар, балаларға арналған дамытатын ойыншықтар ұсынды.
    "Ақниет" ЖҚ ерекше бала тәрбиелеп отырған екі көп балалы отбасыға компьютер сатып әперді.
    1 қыркүйек – Білім күніне орай "Ақниет" ЖҚ-ның ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап "Мектепке жол" акциясы өткізілді; ҚР Конституция күніне орай "БлагоДарюАстана" ҚҚ қарттарға және денсаулығы нашар жас қызға азық-түлік себеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетті. Мұқтаж отбасылар үшін балалар мен ересектерге заттарды жинау және тарату бойынша "Жақсылық сыйла" маусымдық акциясы өткізілді.
    «Ана үйі» ҚҚ карантин аясында егде адамдарға тарату үшін емханаға дәрі-дәрмектер мен дәрумендер, қорғаныс құралдарын ұсынды.
    "Жүректен жүрекке" акциясы аясында "Шырын" ЖШС серіктестерінен Халықаралық балаларды қорғау күні мүмкіндігі шектеулі балаларға, мұқтаж отбасыларға жемістер сатып алынды және берілді.
    "Еврофарм" дәріханалық желісі әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыратын пациенттерге тегін жолақша тесті берілді
    "Астана Су Арнасы" МКК "Сәби" ЖҚ пациентке қымбат дәрі-дәрмекке ақшалай қаражат жіберілді.
    "Алматы мануфактурасы" ТҚ № 11 емхананың медициналық қызметкерлері үшін өтеусіз қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) бөлді.
    "БлагоДарюАстана" ҚҚ 6 бала туылған көп балалы отбасыға шұғыл көмек көрсетті-көмір, киім, азық-түлік таратып; жеке тұлға жаңа туған нәрестеге тегін бесік берді.
  • №11 қалалық емхананың қызметкерлері науқаспен Шетелде емделуге ақшалай қаражат жинау бойынша қайырымдылық акциясын өткізді, сондай - ақ демеушілерге емделуге көмек көрсету бойынша өтініш-хаттар ресімделді.
    Денсаулығына байланысты проблемалары бар жүкті әйелді қолдау бойынша №11 емхана қызметкерлерінің қымбат тұратын препаратты сатып алуға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

    Әлеуметтік ынтымақтастық қызметіне жаңа серіктестер қосылды: "Береке Астана мүгедектер бірлестігі" ҚБ, "Мұра" ҚБ, "Ерекше мерекелер" ҚБ.
    Емхана әкімшілігі тарапынан емхананың директоры Ж.К. Сагандыков өзара тиімді жұмыс жасауға атсалысқан әлеуметтік серіктестер атап өтілді және оларға алғыс хаттар табыс етілді.
    Жыл бойғы бірлескен және жемісті жұмыс үшін зор алғысымызды білдіреміз! Біздің пациенттерге амандық пен денсаулық тілейміз!
    Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!

    Debug: specified directory - http://emhana11.kz/images/2021news19.02