Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздерден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

-дене қызуын бақылау;

-үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;

-күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;

-қолды сабынмен жиі жуу;

-жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

-аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;

-жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз);

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

-жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;

-оған басқа адамдардың келуін болдырмау;

-оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;

-қоғамдық көлікті пайдаланбауға тырысу.

Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.