«№11 қалалық емханада» Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және алдын-алу бойынша ашық есік күні.

2021 жылдың 6 ақпан күні «№11 қалалық емханада»
Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және алдын-алу бойынша ашық есік күні.

    Қатерлі ісікпен күресудің Республикалық онкүндігі аясында 2021 жылдың 1 ақпанынан 10 ақпанына дейін Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күніне орай, 6 ақпанда «№11 қалалық емханада» қатерлі ісікті ерте диагностикалауына орайластырған ашық есік күні өткізілді.

    Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда Қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен атап өтіледі. Және жыл сайын «№11 қалалық емханада» Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруы күні аясында ашық есік күні өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты - тұрғындардың қатерлі ісік ауруларының алдын-алу және ерте сатысында хабардар ету, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, профилактикалық скринингтік тексерулердің қол жетімді бағдарламалары туралы ақпараттандыру.

Скринингтік медициналық тексерулер қатерлі ісіктерді алдын-алу мен ерте диагностикалаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеу толығымен мемлекет есебінен жүзеге асырылады және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Халықтың онкологиялық скринингтері ақысыз жүргізіледі: сүт безі қатерлі ісігі (әйелдер), жатыр мойны обыры (әйелдер) және тоқ ішек қатерлі ісігі (ерлер мен әйелдер).

Біздің мамандар емханаға тіркелген халыққа кеңес берді: дәрігер онколог Е.Б.Карагизов - 14 адам (онкопатологиясыз), дәрігер маммолог Жагипаров М.К. - 12 адам (онкопатологиясыз), Сүт безінің УДЗ дәрігер Галым М.С. - 12 адам зерттелді(онкопатологиясыз), дәрігер-практолог Джанканова Д.С. - 15 адам (онкопатологиясыз), рентгенограмма - 22 адам.

СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді, брошюралар таратылды, ақпараттық материал 144 дана.

  • App_Image_2021-02-06_at_13.31.49_1_
  • App_Image_2021-02-06_at_13.31.50_1_
  • App_Image_2021-02-06_at_13.31.51_1_
  • atsApp_Image_2021-02-06_at_13.31.49
  • atsApp_Image_2021-02-06_at_13.31.51
  • atsApp_Image_2021-02-06_at_13.31.52