маңызды хабарландыру!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің әкімшілігі Сіздерден ЖРВИ белгілері болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы, жөтел, қалтырау, миалгия, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) пайда болса ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨЗДЕРІҢІЗДІ ЕМДЕМЕҢІЗДЕР!

Жоғарыда көрсетілген белгілер пайда болған кезде мынандай іс әрекет жасау керек:

Емхананың №120 сүзгі бөлменің дәрігерінің қабылдауына келіңіз (Абылайхана 30, сырттан «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін емхананың жанындағы есіктен);


Телім дәрігеріне немесе мейіргеріне хабарласу керек;

емханаға бара алмайтын жағдайда немесе учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайларда, 109 нөмірі бойынша қоңырау шалып хабарласып үйге дәрігер шақырыңыз;

57-11-07 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып учаскелік дәрігерді үйіңізге шақыртуға қабылдау рәсімдеңіз немесе "Провизорлық бөлімшеге" 99-98-22 телефон нөмері бойынша қоңырау шалып хабар беріңіздер.