Әр апта сайын «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі

Әр апта сайын «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі.

Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.
Сабақтар шағын топтарда 2 адамнан 6 адамға дейін өткізіледі.
Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

Мемлекеттік тіл – республиканың туы немесе елдің әнұраны секілді рәміздерінің бірі деп тануға болады. «Ұлт Көшбасшысы» - Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша «Қазақ тілін үйрену - елдің дамуының басым бағыты.
Елде оның дәстүрін, мәдениеті мен тілін білмей өмір сүре алмайсыз».
Қазақстанда мүмкіндігінше көбірек адамдар мемлекеттік тілінде сөйлеп, өз ойларын еркін білдіріп, бір-бірін түсінуі үшін қазақ тілін жаңадан бастаушыларға үйрету мәселелеріне ерекше назар аударылады.

  • 21.011
  • App_Image_2021-01-21_at_18.35.47_1_
  • atsApp_Image_2021-01-21_at_18.35.41
  • atsApp_Image_2021-01-21_at_18.35.47