Дені сау балалар - сау болашақтың кепілі!

«Дені сау балалар - сау болашақтың кепілі!»
Балалардың дұрыс дамуын бақылау бөлмесі - бұл аналар мен әкелер үшін нағыз мектеп, сіздерді онда білікті мамандар қабылдайды. Онда барлық ата-аналарға және балаларға сүйіспеншілікпен және түсіністікпен қарайды, сәбиіңіздің денсаулығына қатысты кез-келген сұраққа жауап береді, қажетті ұсыныстар береді және өмірлік қиын жағдайда көмектеседі.
Балалардың дұрыс дамуын бақылау бөлмесінде аналарға мынандай кеңес-сабақ беріледі:
-баланы омыраумен дұрыс емізу;
-баланың дұрыс күтімі туралы;
-физикалық дамуы бағаланады;
- тамақтануы бұзылған балаларға кеңес беіледі;
- төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керек туралы айтылады.

Бұл жерде аналар практикалық көмек те ала алады:

-нәрестелерін емізе алады;
-дәрігерге келіп кезекті күткенде балаларын ойнатып отыра алады;
- вакцинациядан кейін баланың жағдайын бақылап отырады;
-аналарды мазалайтын сұрақтарды талқылап, маманнан тиісті дұрыс жауап ала алады;
- аналар балаларға қосымша тағамдарды қалай дұрыс енгізу керектігін үйрене алады.

Салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналардың өз денсаулығы мен сәбилерінің денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «№11 қалалық емхананың» «Балалардың дұрыс дамуын бақылау» бөлмесінің мейірбикелері ата-аналарға бала күтімі бойынша кеңес береді. (Мекен жайы: Абылайхан даңғылы 30, 2 қабат, 209 бөлме және 40-станция, Железнодорожный кенті, Ж.Жабаев көшесі 20, 2-ші қабат, 201 бөлме)