«№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті

2020 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 16:00-та «№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті. «Нұр Отан» партиясының кандидаттарымен кездесу Zoom платформасында өтті.
Конференцияға денсаулық сақтаудың белсенді өкілдері қатысты. «Өркениет» филиалының төрағасының бірінші орынбасары Утебаева Мария Мухтарова және ЖШС «Эндохирургия клиникасының» бас атқарушы директоры Салтанат Дженалиева.
Біраз толғандырып жүрген сұрақтар қарастырылды: оның ішінде Емдеу іс-шара бөлмесі және оңалту бөлмелері Железнодорожный кенті, 40-станция Ж.Жабаев 20 мекен жайында орналасқан. Ол жерге мүмкіндігі шектеулі жандарға жету қиындыққа соғып тұрғаны туралы талқыланды.
Үміткерлер мәселені қарастырып, емхананы кеңейту және қосымша жаттығу терапиясы мен оңалту бөлмелерін кеңейту туралы шешім қабылдады.