Қылышын сүйреп келген қыс мезгілінде ағзамызда дәрумен тапшылығы артады. Оны қалай түзей аламыз?

Қылышын сүйреп келген қыс мезгілінде ағзамызда дәрумен тапшылығы артады. Оны қалай түзей аламыз?

Күннің қысқалығына қарамастан өзіңізді сергек сезіну үшін, ағзаңызды пайдалы заттармен қуантқаныңыз абзал.

Әсіресе, артық салмақтан арылуға бел бусаңыз, денсаулығыңызға ерекше мән бергеніңіз жөн. Сондықтан ағзаңыз қыс уақытында қажетсінетін тағамдардан бас тартпағайсыз.

Қыс мезгілінде тағам үлесінде ақуыз жеткілікті болуы тиіс. Балық, тауық жұмыртқасы, сиыр, құс еттерін, сүт өнімдері мен үрме бұршақпен көп тамақтанғаныңыз жөн.

 

Айтпақшы, тәттіні көп жемегеніңіз абзал, себебі қант иммунитет жасушаларының зиянды патогендерге төтеп беретін қабілетін төмендетіп, сырқаттану қаупі артады.

Сорпаны көп ішіңіз. Олар – тойымды әрі құнарлылығы төмен. Доңыз етінен бас тартып, картопты көп қоспаңыз. Сонымен қатар қуырылған тағамдармен әуестенбегеніңіз абзал.

Тағам үлесіне бұршақ тұқымдастарды қосыңыз. Олар – ақуыз, жасысықтарға бай. Сондықтан көмірсулы картоп немесе күріштің орнына тамаша гарнир бола алады. Жасымық, асбұршақ, ноқат… Оларды қолданудың да уақыты келді.

С дәруменіне назар аударыңыз. Шындығында, ол өте оңай. Мысалы, таңертеңгілік ботқаға мүкжидек немесе басқа да жидек қосуыңызға болады. Ал кешкі асқа гарнирдің орнына ашытылған қырыққабат таңдаңыз.

Дұрыс тамақтаныңыз. Егер күнделікті тамақтану тәртібі таңғы және кешкі астан тұрса, сірә, одан зияны не нашары болма. Ең дұрысы – 3 рет негізгі тамақ, 2 рет аздаған тіскебасармен ауқаттану. Сонда ағзаңыз артық май жинамайды. Банан, алма не бір уыс жаңғақ жеуге 5 минуттан артық уақыт кетпейді. Есесіне тойымдылығы мен азаңызға пайдасы өте зор.