Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз үшін айрықша мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнінің орны бөлек. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Өйткені, президенттік басқару формасы мен тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін осы басқару формасының тиімді екенін көрсетті, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. Құрметті әріптестер! 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жолымыз нұрлы болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Жаналык Карипуллович.