Жүрек-қан тамырлар ауруының алдын алу жолдары.

Жүрек-қан тамырлар ауруының алдын алу жолдары.
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пйдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;


Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарымыз-дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын-алу әрбір адамның өз тірлігі.
Жиірек өмірге шаттаныңыз, жақсы көріңіз, қамқорлық көрсетіңіз, босқа күйзелмеңіз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, адамдарға мейірімді болыңыз, өкпелеріңізді кешіріңіз, сонда жүрек аурулары сізге жоламайды. Оптимистер жүрек-қан тамырлары жүйесінің мәселелерімен іс жүзінде ауырмайтындары шын!

  •  8