«Баланың дұрыс дамуын бақылау» бойынша жас әкелерге кеңес беру жүргізді

2020 жылдың 27 қараша күні «№11 қалалық емханада» «Бақытты отбасы» жол картасына сәйкес «Баланың дұрыс дамуын бақылау» бөлмесінің мейірбикесі С.Н.Сулейменова «Саналы ата-ана» бөлімі бойынша жас әкелерге кеңес беру жүргізді. Сабақтың тақырыбы: «Әкенің бала тәрбиесіндегі алатын орны. Балаға пайдалы тамақ беру. Күнделікті күн тәртібі. Балаға дұрыс тәрбие беру» тақырыбында кеңес өткізді.