2017 жылғы 21 шілдеде ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған акция ұйымдастырылып, оған мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар қатысты.
Акцияның мақсаты:
балаларда мүмкіндігі шектеулі адамдармен толерантты қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру және өскелең ұрпақ назарын мүгедек балалардың мәселеріне аудару.
Емхана мен тұрғындар арасында және басқа әлеуметтік мекемелер арасында сенімді қарым-қатынасты, ортақ жауапкершілікті дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
Мереке барысында Астана қаласындағы №1 музыка мектебінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұсынды. Онда домбыра, қобыз және басқа музыкалық аспаптармен қазақ және шетел музыкасының шығармалары орындалды. Сондай-ақ, іс-шара барысында аниматорлар балалармен және олардың ата-аналарымен танымдық ойындар өткізді.
Осы іс-шараға барлығы 40 бала қатысты.
Балалардың ата-аналары Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша қосымша ақпараттар алды.
Мереке соңында сыйлықтар таратылды.