«Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС автосалонында, «Гарант Auto City» сауда үйінде МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жоспары бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК 23 маусымда мына мекенжайдағы: Астана қ., Бөгенбай батыр даңғ. 73/1, «Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС автосалонында, «Гарант Auto City» сауда үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жоспары бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бас дәрігер Ж.К.Сагандыков жиналғандарды слайдшоу түріндегі МӘМС туралы толық мағлұмат беруге бағытталған материалмен таныстырды. «Бипек АВТО Қазақстан» ЖШС ұжымынан аталмыш шараға 17 қызметкер қатысты. Кездесуге автосалонда орналасқан несие беруші банктердің өкілдері мен келушілер де қосымша қатысты. Бас дәрігердің лекциясынан соң кездесу «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты. Қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен түсіндіру парақшалары таратылды. Құрамында әлеуметтік қызметкер, психолог, СӨС дәрігері, бас дәрігердің орынбасарлары болған түсіндіру жөніндегі спикерлер МӘМС туралы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға консультативтік кеңестер берді. Аса маңызды мәселе талқыланған кездесу соңында автосалон басшылығы емхана ұжымына алғысын білдірді.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9