Құрметті «№11 қалалық емхананың» қаралушылары!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» қаралушылары! Емханада оңалту және физиотерапия кабинеттері өз жұмыстарын іске асыруда. Сіз сауықтыру мәселелеріне, жеке емдеу бағдарламаларына және тәжірибелі жоғарғы білікті мамандардың емдеу шараларының тиімділігіне жан-жақты емдік шараларын ала аласыз.  

Оңалту және физиотерапия кабинеті мына мекен-жайда орналасқан: 40-шы станция, Железнодорожный кенті, Жамбыл Жабаев көшесі 20.
Науқастар инфильтрация кезеңінде жедел және созылмалы ауырсынуды, тері және тері астындағы тіндердің ауруларын, әртүрлі ішкі ағзалардың жедел және созылмалы қабыну ауруларын, тірек-қимыл аппаратының жарақаттары ауруларын, перифериялық жүйке, жүрек-тамыр жүйесі, репродуктивті, зәр шығару жүйелерін қалпына келтіру, буындар мен жұлынның зақымдануы, ЛОР мүшелерінің аурулары, аяқ-қолдардың перифериялық тамырларының аурулары, вегетативті-тамырлы дисфункция, 1-2 сатысындағы гипертрофиялық ауру, менопаузалық және постменопаузалық синдромдар және т.б. ауруларына ем ала-алады.

Науқастарды емдеу, физиологиялық функцияларын барынша қалпына келтіруге бағытталған әртүрлі құралдарды кешенді қолдану арқылы жүзеге асырылады.                

Сіз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жоғары білікті физиотерапиялық көмекті ала аласыз. Реабилитациялық бөлмелер, заманауи жоғары технологиялық аппараттармен жабдықталған.

  • App_Image_2020-06-02_at_10.39.16_1_
  • App_Image_2020-06-02_at_12.53.34_2_
  • atsApp_Image_2020-06-02_at_12.53.33