«Алау» мұз айдыны базасында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар арасында үстел теннисі бойынша республикалық турнир өтті

14.06.17 ж. «Алау» мұз айдыны базасында «SPECIAL OLYMPIC» ҚБ ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар арасында үстел теннисі бойынша республикалық турнир өтті.

Бұқаралық спортты дамытудағы басты мақсат Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тұрғындарды, соның ішінде жастарды, нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа баулу міндетін жүзеге асыру болып табылады.

Спорттың осындай ойнақы түрі – үстел теннисі.

Денеге түсетін пайда: ептілік, жылдам жауап беру, көз бұлшық еттерін нығайту, вестибулярлық аппаратта жаттығу, шыдамдылық, ірі және шағын мотриканың дамуы, иілгіштік, жүрек-қан тамырлары жүйесін күшейту.

Психологиялық пайда: өзін-өзі бақылау, көбірек зейін қою, талдамалы және жедел ойлауды дамыту.

Осы жарыстарға №11 емхананың психотерапевті Абдуллина Г.С. қатысып, 1 орынды жеңіп алды. 

  • 2
  • 4
  • 5
  • 7
  • 8
  • 9