ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де 2017 жылдың 5-11 маусым аралығында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу жөніндегі есебі

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында, "Гүлжан" сауда орталығының алдында 10 маусым күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу жоспарына сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!" ұранымен тұрғындар арасында акция ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстарын құрамында емхананың 5 қызметкері бар мамандар тобы жүргізді, сондай-ақ бас дәрігердің орынбасарлары МӘМС жөнінде тұрғындар тарапынан туындаған әртүрлі сұрақтар бойынша кеңестер берді.   Мамандар МӘМС жөніндегі ақпараттық материалдарды таратты. Сол күні консультациялық кеңес алған тұрғындар саны 150-ге жуықтады. Оларға 350 дана парақшалар таратылды.  

  • img29
  • img30
  • img31
  • img32
  • img34
  • img35
  • img36
  • img37
  • img38
  • img39