Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өтті

25.03.2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКК-ның  Железнодорожный елдімекеніндегі филиалында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Оған емхананың барлық қызметкерлері мен қонақтар (белсенді науқастар) қатысты. Емхана қызметкерлері ортаға бір-бір ауыл құрып, оларға жеке-жеке ат қойыпты. Әр ауыл ұлттық нақышта безендіріліп, ортадағы дастархандар қазақтың ұлттық тағамдарымен толтырылды. Қызметкерлердің балалары мен немерелері мерекеде ән салып, би билеп, домбырамен өнер көрсетті. Әртүрлі конкурстар ұйымдастырылды. Мереке болған соң, оған қатысушылар сый-сияпатсыз қалмады. Белсенді қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. 

Барлық суреттерді фотогалареядан көру...