«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өтті

15.02.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК базасындамына мекенжай бойынша: Абылай хан даңғылы 30, Департамент маманы Әлия Шаихованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. 

Шара барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің себептері мен зардаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жаңа, яғни сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюды барынша біріктіруге  екпін қойылатын кезеңі көрсетілді.  Өткізілген шараға «пара алма және берме» деген қағида басты түрткі болып табылды.

Семинардың соңында бейнероликтер көрсетілді және осындай шараларды көптеп өткізу жөнінде ұсыныс жасалды.