Спартакиада-2017 өтті

Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана филиалымен және Астана қаласы СӨС қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып Спартакиада-2017 шеңберінде Астана қ. медициналық ұйымдар арасында жарыстар өткізді. Медицина ұйымдарының арасында біздің ШЖҚ № 11 МКК «Шаңғы жарысы» және «Конькимен жүгіру спорты» бойынша жарыстарға қатысты. «Сұңқар» деген атаумен сайысқа шыққан біздің емхана командасының қатысушылары: мейіргерлер Маржан Қонысбаева мен Абзал Қалманов «Конькимен жүгіру спортында», ал мейіргерлер Әсет Жанадилов пен Дильбар Абдурасилова «Шаңғы жарысында» бақ сынасты. 

Барлық суреттерді қарау...