Азматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығынан көшірме 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету Қағидасы мен азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына  тіркеу Қағидаларын бекіту туралы 

Үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

Үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) пациентке өз бетінше МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайлары:

2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, (І - II топтағы) мүгедектік, сал ауруы, аяқ-қолдардың шала салдануы);
3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
4) пациенттің тасымалданбауы;
5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.

6) МСАК ұйымдарының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:
6.1 жіті аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде оның жағдайын, ауру ағымын қадағалау және қажетті зерттеп-қарауларды және (немесе) емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында;
6.2 инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен ауыратын науқастар айқындалған жағдайда халықтың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық ауруды жұқтыру күдігі бар адамдардың патронажы кезінде жүзеге асырылады. 

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына  бекіту Қағидалары

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (АМСК) ұйымдарына тіркеу еркін таңдау құқығы бойынша тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Азамат АМСК ұйымының біреуіне ғана тіркеледі.

АМСК ұйымына тіркеу еркін өтініш пен жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен берілген басқа да құжаттар) негізінде  АМСК ұйымының  кестесіне сәйкес барлық күнтізбелік күнде орындалады.
Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу азаматтың өзі келіп жүгінгенде немесе жазбаша өтініш жазу арқылы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеудегі өзгерістер:
1) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;

2) АМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;

3) азамат дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;

4) Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу жөнінде жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізілетін Науқан кезінде (бұдан әрі – Науқан);

5) Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу кезінде олардың тікелей өтініш жасауы кезінде, бұған дейін тіркелген АМСК ұйымынан шығу «Тіркелген азаматтар регистрі» порталындағы мәліметтер базасы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

6) Кодекстің 34 бабында көрсетілген тұлғалар АМСК ұйымдарына еркін тіркеуді таңдау кезінде осы ұйымның мамандары оны үйде қарайтындары жайлы алдын ала шешіп, ол анықтамаға (талонға) жазылады;

7) Науқан кезінде тіркелген азаматтарға ТМККК шеңберінде жаңа әлеуетті жеткізушілермен қызмет көрсету алдағы жылы қызмет жеткізушінің таңдауы бойынша ТМККК көрсетуге жасалған шарттар жағдайы кезінде алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.

Осы уақытқа дейін Кодекстің 34-бабында көрсетілген, жаңа әлеуетті жеткізушіге тіркелуге ниет білдірген тұлғалар ТМККК шеңберінде, осы жылы өздері тіркелген АМСК ұйымдарында медициналық көмек алады.