Сәлеметсіз бе? мен системная красная волчанкамен ауырамын яғни қызыл жегі ауруымен мен тұрмыс құрмағанмын бірақ болашағым алаңдатады.Тұрмыс құрғанымда бала көтере алмаймын ба деп немесе тууға болмайды дейма деп айтыңызшы маған бала тууға болама өзім армандаймын көп балалы болсам деп жауап күтемін сізден
Сәлеметсіз бе, Нурила. Хабарласқаныңызға рахмет. ҚР ДСМ 30.10.2009 ж. №626 бұйрығына сәйкес, жүктілікті жалғастырудың әйел денсаулығы үшін қауіптілігімен тоғысатын және жүктілікті жалғастыруға қарама-қайшы аурулар тізімі бар. Сіздің өз емдеуші дәрігеріңіздің, сондай-ақ дәрігер-ревматологтың және дәрігер-гинекологтың қадағалуында болғаныңыз жақсы. Жүйелі қызыл жегі дертін есепке ала отырып, сіз жалпы тәжірибе дәрігерінде есепте тұруыңыз керек және контрацепцияға мұқтажсыз. Сізді толғандырған барлық мәселелер бойынша бас дәрігердің орынбасарына 222 кабинеткеЕ.Мусеновке хабарласуыңызға болады.
Салеметсіз бе? Мекен жай бойынша осы емxанаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек? Емxанада гинеколог-эндокринолог бар ма? Жұмыс кестесі қандай? Раxмет
Құрметті Мағрипа! ШЖҚ "N 11 қалалық емхана" МКК əкімшілігі Сізге хабарласқаныңыз үшін алғыс білдіреді. Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, сіз алдын ала тіркеу бөлімінен аймақтық дəрігер жөнінде анықтай аласыз, белгіленген формада тіркелуге өтініш жазу қажет, ол үшін жеке куəлігініздің көшірмесі жəне флюрографияның соңғы нəтіжесі болуы қажет. Гинекологтың қабылдауы сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін 121 кабинетте жүргізіледі, көрсеткіштер болған жағдайда дəрігер сізді ШЖҚ "N 1 перинаталдық орталық" МКК-ге отбасын жоспарлау бөлімшесіне жолдауы мүмкін. Сізді толғандырған барлық мəселелер бойынша пациенттерді қолдау қызметіне 36-07-60 телефоны арқылы хабарласуынызға болады.
Сәлеметсізбе! Мен өзімнің наразылығымды білдіргім келеді. Неліктен осы емханада гинекологқа жазылу соншалықты қиын? Әр бейсенбіде кезекке жазылуға болады деп тіркеу бөлімінің қызметкерлері айтады бірақ,әр бейсенбі қоңырау шалғанда үнемі "УЖЕ ПОЛНЫЙ ЗАПИСЬ" деп айтады. Осылай 3 (үш)ай болды кезекке жазыла алмай жүргеніме. Сонда осы еханада қалай кезекті қабылдауға жазылуға болады? Недеген қараусыз емхана бұл? Егерде алдағы аптада тағыда қабылдауға жазыла алмасам, Денсаулық сақтау министірлігіне шағымымды жауыма тура келеді жәнеде басқада дәрігердің қабылдауына жазылу соншалықты қиын екенін айтқым келеді. 87781767118
Сәлеметсіз бе, құрметті Адина! Емхана әкімшілігі қызмет көрсету барысында туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қазіргі таңда дәрігер- гинекологтың кезекті еңбек демалысында болуына байланысты қабылдау бойынша жүктеме артты. Қыркүйек айында емхана штаты екі гинекологпен толығады, бұл кезек санына оң әсер етеді. 26 тамызда емханада Сізді бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Е.Т.Мусенов қабылдайды және қажетті консультациялық-диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Қызмет көрсету барысында туындаған басқа барлық мәселелер бойынша №112 кабинеттегі Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Сәлеметсізбе!!! Манас 8 көшесінде тұрамын. Біздің участокты Құдайбердіұлы 28 ауысты деп айтты. Енді үнемі сол жақта жазылып, қараламызба?! Барлық дәрігерлерлерде сол жерде отырып қарайма?! Гинекологқа қаралайын деп едім. Екі жаққа сандалып жүремізбе?! Түсінбедім.
Құрметті Назерке! Қалалық емханалардың жобалық қуаттылығынан 1,5-2 есе жүктемеге байланысты қала әкімдігі «Үй дәрігері» жобасын енгізу туралы шешім қабылдады. Осы жоба медициналық көмектің 10 минуттық қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Үй дәрігері» жобасының аясында Астана қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№11қалалық емхана» МКК-ге Астана қ., Ш.Құдайбердіұлы көш., 28 үйдегі мекенжайда дәрігерлік көмек пунктін ұйымдастыру үшін ғимарат ұсынды. Осы мекенжай бойынша жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдауына арналған кабинеттерді, ем-шара кабинетін, әйелдерді қарау кабинетін орналастыру жоспарлануда. Салалық мамандардың (соның ішінде гинекологтың)консультациясы бұрынғыдай, алдын ала жазылу бойынша, немесе телефон арқылы, жедел- шұғыл көрсеткіштер бойынша Абылайхан даңғ.30 мекенжайдағы бас корпуста жүзеге асырылады. Осы жоба іргелес аумақта тұратын тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі қадамын қамтамасыз етеді.
Комментарии
Сәлеметсіз бе, Нурила.
Хабарласқаныңызға рахмет.
ҚР ДСМ 30.10.2009 ж. №626 бұйрығына сәйкес, жүктілікті жалғастырудың әйел денсаулығы үшін қауіптілігімен тоғысатын және жүктілікті жалғастыруға қарама-қайшы аурулар тізімі бар. Сіздің өз емдеуші дәрігеріңіздің, сондай-ақ дәрігер-ревматологтың және дәрігер-гинекологтың қадағалуында болғаныңыз жақсы. Жүйелі қызыл жегі дертін есепке ала отырып, сіз жалпы тәжірибе дәрігерінде есепте тұруыңыз керек және контрацепцияға мұқтажсыз. Сізді толғандырған барлық мәселелер бойынша бас дәрігердің орынбасарына 222 кабинеткеЕ.Мусеновке хабарласуыңызға болады.
Құрметті Мағрипа!
ШЖҚ "N 11 қалалық емхана" МКК əкімшілігі Сізге хабарласқаныңыз үшін алғыс білдіреді.
Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, сіз алдын ала тіркеу бөлімінен аймақтық дəрігер жөнінде анықтай аласыз, белгіленген формада тіркелуге өтініш жазу қажет, ол үшін жеке куəлігініздің көшірмесі жəне флюрографияның соңғы нəтіжесі болуы қажет.
Гинекологтың қабылдауы сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін 121 кабинетте жүргізіледі, көрсеткіштер болған жағдайда дəрігер сізді ШЖҚ "N 1 перинаталдық орталық" МКК-ге отбасын жоспарлау бөлімшесіне жолдауы мүмкін.
Сізді толғандырған барлық мəселелер бойынша пациенттерді қолдау қызметіне 36-07-60 телефоны арқылы хабарласуынызға болады.
Сәлеметсіз бе, құрметті Адина! Емхана әкімшілігі қызмет көрсету барысында туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қазіргі таңда дәрігер- гинекологтың кезекті еңбек демалысында болуына байланысты қабылдау бойынша жүктеме артты. Қыркүйек айында емхана штаты екі гинекологпен толығады, бұл кезек санына оң әсер етеді. 26 тамызда емханада Сізді бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Е.Т.Мусенов қабылдайды және қажетті консультациялық-диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Қызмет көрсету барысында туындаған басқа барлық мәселелер бойынша №112 кабинеттегі Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Құрметті Назерке! Қалалық емханалардың жобалық қуаттылығынан 1,5-2 есе жүктемеге байланысты қала әкімдігі «Үй дәрігері» жобасын енгізу туралы шешім қабылдады. Осы жоба медициналық көмектің 10 минуттық қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Үй дәрігері» жобасының аясында Астана қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№11қалалық емхана» МКК-ге Астана қ., Ш.Құдайбердіұлы көш., 28 үйдегі мекенжайда дәрігерлік көмек пунктін ұйымдастыру үшін ғимарат ұсынды. Осы мекенжай бойынша жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдауына арналған кабинеттерді, ем-шара кабинетін, әйелдерді қарау кабинетін орналастыру жоспарлануда. Салалық мамандардың (соның ішінде гинекологтың)консультациясы бұрынғыдай, алдын ала жазылу бойынша, немесе телефон арқылы, жедел- шұғыл көрсеткіштер бойынша Абылайхан даңғ.30 мекенжайдағы бас корпуста жүзеге асырылады. Осы жоба іргелес аумақта тұратын тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі қадамын қамтамасыз етеді.
RSS сұрақтар лентасы